Алматыда өтетін «Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына шетелден қанша турист келеді?

Алматыда өтетін «Қайрат» - «Реал Мадрид» футбол ойынына шамамен 4–5 мың шетелдік жанкүйер келеді деп күтілуде, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы Туризм және спорт министрі Үкімет кулуарында мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы матч еліміздегі оқиғалы туризмді дамытуға серпін береді.
«Қазақстанның инфрақұрылымы барлық халықаралық стандарттарға сай. Матчқа 4–5 мыңға жуық турист келеді деп болжанып отыр. Бүгінде футболымыз қарқын алуда. Алматыдағы алаң толық дайын, УЕФА бағалауы бойынша төртінші санаттағы стадионға айналды. Спорт – адамдарды біріктіретін және үміт сыйлайтын күш. Бұл құндылық басқа спорт түрлеріне де тән», – деді министр.
Сонымен қатар ол қазақстандық спортшылардың табандылығы мен рухына сенетінін атап өтті. Министрдің айтуынша, елімізде спорт академиясы құрылып, жүйелі қолдау көрсетілсе, жергілікті спортшылар халықаралық ареналарда жүлделі орындарға қол жеткізе алады.
Соңғы жаңалықтар





