Алматыда пышақ ұстаған балалардың видеосы тарады: ата-аналары жазаланды

12.10.2026 • 14:49 Қанат АЙБАР
Алматыда пышақ ұстаған балалардың видеосы тарады: ата-аналары жазаланды
209
Фото: Бейнеден кадр

Алматыда беттерін бүркеп, пышақ ұстап жүрген балалардың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Полиция төрт баланы анықтап, олардың ата-аналарын жауапқа тартты, деп хабарлайды Politico.kz.

Видео авторының айтуынша, оқиға Шевченко көшесіндегі Ганди саябағында болған. Балалардың бірі жиналмалы пышақпен досының артынан жүгірген.

Автордың сөзінше, бала кейін басқа жасөспірімге жақындап, «Бетіңді кесіп жіберейін бе?» деп қорқытқан.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Полицияның мәліметінше, Алмалы ауданындағы ювеналды полиция қызметкерлері 9 бен 12 жас аралығындағы төрт баланы анықтаған. Олардың барлығы мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Тексеру кезінде балалардың Алматыдағы әртүрлі мектепте оқитыны белгілі болған. Олар өз әрекеттерін ойын ретінде түсіндірген.

Балалардың ата-аналары тәрбие беру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал балалар мектепішілік есепке қойылды.

Полицияның хабарлауынша, бұл отбасылардың жағдайы жауапты қызметтердің бақылауында.

Полиция ата-аналарды балаларының бос уақытын, араласатын ортасын және қоғамдық орындардағы әрекеттерін қадағалауға шақырды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий