Алматыда төбелеске қатысқан үнділік студенттер елден қуылады

Алматыда төбелеске қатысқан үнділік студенттер елден қуылады
09.01.2025 11:51
0
225
Бейнеден кадр
Алматыда төбелес шығарған шетелдік студенттер елден қуылады

Алматыдағы жаңа жыл түні жаппай төбелеске қатысқан үнділік студенттер елден шығарылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қазақстан сенатының депутаты Марат Қожаевтың айтуынша, елдегі кез келген шетелдік жергілікті заңдар мен тәртіптерді құрметтеуі тиіс.

«Қоғамдық орында бір-біріне дене жарақатын салуға дейін жеткен заң бұзушылықтар болды. Сондықтан біздің заң бойынша мұндай жағдайларда шетел азаматтарын елден шығару талап етіледі. Олардың оқуына байланысты құжаттары мен визалары аннулирленеді. Қазақстанға бес жыл бойы кіруге тыйым салынады», – деді Қожаев сенат дәлізінде.

Еске сала кетейік, Алматыдағы дәмханалардың бірінде үнділік студенттер жаппай төбелес ұйымдастырған. Оқиға кезінде қатысушылардың бірінің басы жарылып, оны жедел жәрдем көлігі алып кеткен.
Төбелес бейнесі

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или