Алматыда зейнеткер өз әпкесін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған

Алматыда зейнеткер өз әпкесін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған
04.01.2025 18:30
0
197
Pixabay

Алматыда қалдықтарды қайта өңдеу орнында полиэтилен пакетке салынған дене бөліктері табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

2 қаңтарда "Green Recycle" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қалдықтарды өңдеу зауытының аумағынан 68 жастағы әйелдің бөлшектелген денесі табылды. Мәйіттің басы мен аяғы болмаған, дене бөлшектері пакетке салынған.

Алматы тұрғыны өз әпкесін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастағаны белгілі болды.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

"Ұзақ уақытқа созылған араздықтан әпкесіне аяусыз әрекет жасаған 66 жастағы әйел ұсталып, уақытша қамауға алынды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий