Алматыдағы жұмбақ өлім: 9-қабаттан құлаған әйелдің пәтерінен хат табылды

Алматыдағы жұмбақ өлім: 9-қабаттан құлаған әйелдің пәтерінен хат табылды
Видеодан кадр

Алматының Алмалы ауданында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 40 жастағы әйел өзі тұрған көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлап кеткен.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, тексеру барысында марқұмның пәтерінен хат тапқан. Оның мазмұны тергеу аясында зерделеніп жатыр.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тексеру жүргізуде. Тергеу барысында әйелдің өмір салты, араласқан ортасы және қайғылы жағдайға дейінгі өзге де мән-жайлар зерттеліп жатыр.

Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу