«Алты ай бойы ешкімге айтпадым»: Ерке Есмахан құпия жобасын аяқтағанын мәлімдеді
Танымал әнші Ерке Есмахан соңғы жарты жыл бойы көпшіліктен жасырып, құпия түрде жұмыс істеген ауқымды жобасын тәмамдағанын хабарлады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Әншінің айтуынша, ол осы уақыт ішінде атқарған еңбегі туралы ешкімге тіс жармай, нәтижесін соңына дейін жария қылмауға тырысқан. Істің сәтті аяқталуына орай Ерке Есмахан кішкентай екі ұлымен бірге арнайы естелік суретке түскенін, бұл сәттің өміріндегі маңызды күндердің бірі екенін жеткізді.
“Алты айлық үлкен еңбектің нәтижесі жарыққа шығатын күн де жақындап қалды. Осы уақытқа дейін бұл жұмыс туралы ешкімге айтпадым, немен айналысып жүргенімді де көрсетпедім”, – деп жазды Ерке Есмахан.
Дегенмен әнші тыңдармандарын қызықтырып қойған бұл үлкен еңбектің нақты қандай бағытта екенін әзірге ашып айтқан жоқ. Желі қолданушылары өнер иесінің жаңа шығармашылық туынды немесе жеке бизнес жоба дайындағаны туралы түрлі болжамдар жасап жатыр.
Соңғы жаңалықтар