«Алтыншы жыл – ауру мен сынақтың уақыты»: Сарапшы Төреғали Төреәліге ескерту жасады

09.12.2025 13:45 Айсұлу Мұрат
«Алтыншы жыл – ауру мен сынақтың уақыты»: Сарапшы Төреғали Төреәліге ескерту жасады
0
89
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Төреғали Төрәлі

Бизнес-талдаушы әрі тәлімгер Ұлан Әділ танымал әнші Төреғали Төреәліге қатысты тосын үндеу жасап, өткен жыл оның өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірі болғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Маманның айтуынша, өткен жыл әншінің өміріндегі «алтыншы жылға» сәйкес келіп, бұл кезең әдетте күрделі сынақтар мен денсаулыққа байланысты қиындықтармен ерекшеленеді.

«Төреғалиде былтыр алтыншы жыл болды. Ал алтыншы жыл – асқынған аурулар қозатын уақыт. Сол себепті ол қатты сырқаттанып, ауруханаға түсіп шықты. Бұл — кездейсоқ емес», – дейді Ұлан Әділ.

Сондай-ақ ол биылғы жылды қауіптен аман өткізу үшін әншіге нақты кеңестерін де жеткізді.

«Биыл минусқа кетпеу үшін сана тәртібін қалыптастырып, қатаң дисциплинада болу керек. Жүрек пен махаббатты ашу маңызды. Аяқталмаған барлық жобаларды тәмамдауға дәл қазір қолайлы кезең», – деп ескертті тәлімгер.

Алайда сарапшы алтыншы жылды тек қауіп-қатермен ғана байланыстырмайды. Оның айтуынша, бұл — үлкен мүмкіндік жылы.

«Жалпы, алтыншы жыл — сәтті жылдардың бірі. Бірақ ол өздігінен келмейді. Вибрацияңды көтеруің керек. Егер соған дайын болсаң, Жаратушының өзі қолдап, армандарға жол ашады», – деді ол.

Ұлан Әділдің бұл пікірі желіде түрлі реакция тудырып жатыр. Бірі оны рухани кеңес деп қабылдаса, енді бірі Төреғалидің соңғы жылдардағы жағдайымен тікелей байланыстырып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий