Алматы облысында алып қашу өліммен аяқталды

Алматы облысында алып қашу салты қайғылы жағдайға ұласты: Келіншек оқиға орнында қаза тапты
Алматы облысында алып қашу салты қайғылы жол-көлік оқиғасына ұласты. Апат салдарынан «келіншек» ретінде алып бара жатқан бойжеткен оқиға орнында қаза тапты.
Жол-көлік оқиғасы БАКАД (Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы) тасжолының 36-шы шақырымында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, Kia автокөлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz маркалы көлікпен соқтығысқан. Соққының қаттылығынан Mercedes көлігі аударылып кеткен.
Апат салдарынан көлік ішіндегі жолаушы, яғни келіншек сол жерде көз жұмды. Сондай-ақ, күйеу жігіт пен оның екі танысы да түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Осы қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар





