"Аман алып қалу мүмкін болмады": Алматыда қаза болған фельдшер туралы тың дерек тарады
Алматыда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік міндетін атқару кезінде орын алған ауыр жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел медициналық жәрдем фельдшері қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады POLITICO.KZ.
Қайғылы жайтқа қатысты дәрігерлер бүгін жаңа дерек ұсынды.
Хабарламада оқиға кезінде бірнеше адамның зардап шеккені айтылды.
«Желтоқсанның 3-іне қараған түні жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бес адам зардап шекті. Өкінішке орай, Жаңабаева Насиба Мұхтаровнаны аман алып қалуы мүмкін болмады. Қалған науқастар дәрігерлердің бақылауында, олардың бірі ауыр жағдайда жатыр» делінген ресми ақпаратта.
Қазіргі уақытта жол апатына байланысты тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетіні айтылды.
Бұған дейін Алматыда жедел жәрдем көлігінің апатқа ұшырауы салдарынан 23 жастағы фельдшердің көз жұмғаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео тарап, кадрларда жедел жәрдем көлігінің аударылып қалғаны анық көрінеді.
Хабарламада апаттың нақты уақытына қатысты дерек те берілген.
«Апат 3 желтоқсанда сағат 00:40-та Алматы қаласы Алатау ауданында болған. Жедел жәрдем көлігі Сайын көшесімен келе жатып, бұрылмақ болған. Сол сәтте Kia көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары жарақат алған. Ал 2002 жылы туған фельдшер бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмған» делінген мәлімдемеде.
Полиция адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғағанын растады
Соңғы жаңалықтар