Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жіберді

АМАНТАЙ ҚАЖЫ ӘЙЕЛДІ БАСПАЛДАҚТАН ИТЕРІП ЖІБЕРДІ: ПОЛИЦИЯ ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУДЕ
Алматыда антиядролық қозғалыстың белсендісі, "Аттан, Қазақстан!" ұйымының жетекшісі Амантай қажыға қатысты дау туды. Оған 76 жастағы әйелді баспалдақтан итеріп жіберді деген айып тағылып отыр.
Оқиға 4 шілде күні таңғы 05:30 шамасында "Динамо" спорт кешенінде болған. Зардап шеккен әйел Биғайшаның қызының айтуынша, Амантай қажы еш себепсіз анасын итеріп жіберген. Нәтижесінде жәбірленушінің жамбас сүйектері бірнеше жерден сынған. Көп қан жоғалтқан әйел ауруханаға жеткізіліп, 13 күн бойы ем қабылдаған. Қазір үйінде емін жалғастырып жатыр. Қызы анасының өздігінен жүріп-тұра алмай қалғанын айтты.
Алмалы аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс Алматы қалалық полиция департаментінің бақылауында.
Амантай қажы Асылбек қоғам белсендісі, антиядролық "Семей-Невада" қозғалысының ұйымдастырушыларының бірі. Сонымен қатар, ол бірнеше рет Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде тіркелген. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.
Дереккөз: ZTB
Соңғы жаңалықтар





