"Анашым, өтінемін, кетпеші!": Анна Данченко ауыр халде жатқан анасына жан сырын ақтарды
Белгілі журналист әрі тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасында анасының ауыр жағдайда жатқанын айтып, оқырмандарымен жүрек тебірентерлік жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz
Журналист әкесінің қазасынан кейін анасы өмірдегі ең басты сүйеніші болғанын, ал қазіргі жағдай жанына қатты батып жатқанын жеткізді.
"Мен өзімді мықтымын, бәрін істей аламын деп ойладым. Ата-анамның өмірі қиын болған соң, есейгенде соны жеңілдетуге тырыстым. Әкем өмірден ерте кеткенде бір қанатым сынғандай болды, бірақ сен үшін ұшуға тырыстым. Ал қазір екінші қанатым да сынғандай күйдемін. Қорқамын, қараңғылықта қалғандаймын", – деп жазды ол.
Сондай-ақ Анна Данченко анасының жанында отырып, сөйлесе алмай, тек қолынан ұстап отырғанын айтып, одан өмір үшін күресуді өтінді.
"Сені осындай күйде көру өте ауыр. Жүрегіңнің соғып тұрғанын сеземін, естимін. Мені еш шартсыз, тек өз қызың болғаным үшін жақсы көретін жалғыз адамсың. Анашым, өтінемін, кетпеші! Сенсіз мен ұша алмаймын", – деп түйіндеді тележүргізуші.
Соңғы жаңалықтар