"Анасы да осы жерде көз жұмған": Жамбыл облысында 6 жасар бала ауруханада қайтыс болды

10.10.2025 14:39
0
1137
Видеодан скриншот

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды.

Бұл туралы abdulla_kz_kz Instagram парақшасында мәлім болды.

Жолшыбек Али Еламанұлы 26.07.2019 жылы дүниеге келген баладан айырылып қалдық.Бала 29 қыркүйектен бастап ауырды, учасковыйға барғанымызда дәрігер еш көмек көрсетпей үйге қайтарды. Баланы апасы дәрігерге тізерлеп жалынып, әрең 7 қазан күні ғана ауруханаға жатқызады.Бала ауруханаға жатқанымен диагноз қойылмаған, бала ауырғанда тек креон дәрісін бере берген. Бүгін 10-шы қазан баладан айырылып қалдық, - дейді жақындары.

Сондай-ақ екі жыл бұрын дәл осы ауруханада баланың анасы да көз жұмғаны белгілі болды.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесінен кейін нақты шешім қабылданбақ

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий