Андрей Чеботарев Астана жүргізушілеріне қатысты жазбасы үшін кешірім сұрады

Андрей Чеботарев Астана жүргізушілеріне қатысты жазбасы үшін кешірім сұрады
04.09.2025 11:32
0
133
Сарапшы Андрей Чеботарев Астана жүргізушілеріне қатысты даулы жазбасы үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Белгілі қаржы сарапшысы Андрей Чеботаревтің Астана қаласының жүргізушілеріне қатысты жазған жазбасы қоғамдық талқылауға түсіп, полицияның назарын аударды.

3 қыркүйекте Андрей Чеботарев өзінің Threads әлеуметтік желісінде елордалық көлік жүргізушілерінің жүргізу мәдениетіне қатысты ауыр сөздер мен балағат сөздер қолданып, жазба жариялаған болатын.

Кейінірек сарапшы бұл жазбаны өшіріп, кешірім сұраған бейнеүндеу жариялады. Бейнеде ол өз сөздерімен ренжіткен барлық адамнан кешірім сұрайтынын айтты.

Оқиға қоғамда әртүрлі пікір тудырды: бір бөлігі сарапшыны түсініп, оның эмоцияға берілгенін атап өтсе, енді біреулер мұндай сөздерді айыптады.

Атап айтқанда, журналист Михаил Козачков бұл жағдайға қатысты өз сыни пікірін білдірді.

Осы жарияланымнан кейін полиция департаменті тексеру жұмыстарын бастағаны белгілі болды.

Сурет: Ашық дереккөз

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий