Анна Құдиярова: Еркектер білсін – әйел ренжісе, етегі түрілмейді
Психоаналитик Анна Құдиярова отбасылық қарым-қатынас, жұбайлар арасындағы психологиялық пен физиологиялық сәйкестік және жастардың жеке бөлек тұру мәселелеріне қатысты пікір білдірді. Маманның айтуынша, отбасындағы түсініспеушіліктер мен жыныстық өмірдегі кедергілер көбіне психологиялық сауаттылықтың төмендігінен және әлеуметтік факторлардан туындайды, деп хабарлайды Politico.kz.
Маман бұл туралы Асмира Ермекқызына берген подкаста әңгімеледі.
Психоаналитик еркек пен әйелдің эмоционалдық және физиологиялық айырмашылықтары отбасылық өмірге тікелей әсер ететінін атап өтті.
«Еркектер білуі керек шығар: әйелдер өкпелеп қалса – болды, қолы, аяғы, етегі көтерілмей, жүрегінде реніш ұялайды. Одан кейін ол сізді құшақтай алмайды. Ал еркектердің физиологиясы басқаша. Ол өкпелеп немесе ашуланып жүрсе де, белден төменгі жағы тартыла береді. Сөйтіп, екеуінің физиологиясы сәйкес келмей қалады. Бірде маған бір жұбайлар келді. Бұл жерде жағдай керісінше: әйелдің ынтасы мен ниеті бар, ал еркек оған жоламайды. Оңаша сөйлесіп: «Неге?» – деп сұрасам, еркегі: «Оның жаман иісі бар», – дейді. Сөйтіп, әйелден жағымсыз иіс шыққандықтан, күйеуі оны құшақтағысы келмейді екен. Бірақ, әрине, екеуі жұп болған соң, бір-екі бала сүйіп үлгерген. Негізінде, оргазм деген нәрсе – бірін-бірі жақсылап, аямай құшақтау ғой», – деді Анна Құдиярова.
Сонымен қатар маман жас отбасылардың туыстармен бірге тұруы олардың жеке өмірі мен интимдік қарым-қатынасына теріс ықпал ететінін айтады.
«Енелер мен қайын сіңлілерге қатысты тағы бір мысал: екі студент кішкентай ғана бір бөлмелі уақытша баспанада тұрады. Соған қарамастан, үйге екі қайын сіңлісін жібереді. Бары-жоғы бір бөлмеде жатқанда, оларда қандай оргазм, қандай жыныстық қатынас болуы мүмкін? Сондықтан: «Неге жастар жеке өмір сүруі керек?» дегенде, ең болмаса, олар төсек ләззатын сезінуі тиіс. Сол үшін де үйленеді ғой, демек, жастарға еркіндік қажет», – деді психоаналитик.
Анна Құдиярова серіктес таңдаудағы психологиялық сауаттылық пен қамқорлықтың маңызына да тоқталып өтті.
«Адам басынан бастап психологиялық сауаттылығы бар жігітті іздеуі керек. Егер ол жас кезінен сараң әрі қызғаншақ болса, сіз не істесеңіз де, бәрібір тон алып бермейді. Ал егер сізді шынымен жақсы көрсе, оның белгісі ретінде сол тонды, әрине, сыйлайды», – деді маман.
Соңғы жаңалықтар