Әнші Маржан Арапбаеваны шашынан сүйреген күйеуі қамалды
Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, 2026 жылдың қаңтар айының басында түнгі уақытта Нұрмұхамбетов Ербол Тілепбекұлы қоғамдық орында бейәдеп сөздер айтып, өзінің азаматтық жұбайы, танымал әнші Арапбаева Маржанды шашынан сүйреген, деп хабарлайды Politico.kz.
Сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Негізінде оның әрекеттері қылмыстық құқықбұзушылық ретінде саралануы мүмкін болғанымен, сот әкімшілік шарамен шектелді.
Қоғамдық орында бейәдеп сөздер қолдану арқылы көрініс тапқан ұсақ бұзақылық фактісі бойынша 43 жастағы елорда тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ тұрғын үй ауласында азаматтық жұбайымен болған жанжал кезінде оған қатысты физикалық күш қолданғаны анықталды.
Ер адамға қатысты дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қосымша арыз тіркелді.
Сот оған 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция ескертеді: агрессияның кез келген көрінісі мен физикалық күш қолдану қолданыстағы заңнама аясында дереу тоқтатылатын болады.
Соңғы жаңалықтар