Әнші Төреғали Төреәлі Түркістанға көшіп кетті

04.03.2026 17:01 Мөлдір Талғат
Әнші Төреғали Төреәлі Түркістанға көшіп кетті
95
Фото:Sputnik / Владислав Воднев

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында күтпеген жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі отбасымен бірге Түркістан қаласына қоныс аударғанын айтты. Әншінің сөзінше, мұндай шешім қабылдауға қаланың тарихи әрі рухани маңызы себеп болған.

Сонымен қатар Төреғали балаларының да осы қасиетті жерде өсіп, тамырын терең жайғанын қалайтынын жеткізді.

Біз Түркістанға көшіп келдік. Бұл – жай ғана мекен ауыстыру емес. Бұл – жүрекпен қабылданған шешім. Түркістан – тарихтың үнін сақтаған, уақыттың тынысын сездірген, рухтың тамыры тереңге кеткен қасиетті шаһар. Бұл қалада үнсіздік те мағыналы. Бұл жерде әрбір көше, әрбір тас – шежіре. Өткен мен болашақ бір-біріне қарсы тұрмайды, керісінше, бірін-бірі толықтырып, жалғастырып тұрады. Біз бұл қаланы саналы түрде таңдадық. Түркі әлемінің рухани астанасы атанған осы мекеннің болашағына сенеміз. Түркістан тек киелі орталық қана емес, ол – жаңғырудың, жаңарудың, жасампаздықтың кеңістігі. Отбасымызбен осында қоныстандық. Балаларымыз тамырын сезініп өссін деп. Жасаған ісіміздің мағынасы терең болсын деп. Тек жобалар емес, із қалдыратын істер атқару үшін. Түркістан, саған сәлем. Қадірлі Түркістандықтар, сіздерге құрмет. Біз бұл қалаға қонақ болып келген жоқпыз. Біз – бірге еңбек етуге, бірге өркендеуге, бірге тарих жазуға келдік. Киелі мекеннің келешегі – оның бүгінгі қадамына байланысты. Ал біз сол қадамның нық, саналы, батыл болғанын қалаймыз. Түркістан – тек өткеннің мұрасы емес. Ол – болашақтың уәдесі", - деп жазды өнер иесі. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий