Апатқа ұшыраған ұшақтың бортынан түсірілген бейнелер жарияланды

Апатқа ұшыраған ұшақтың бортынан түсірілген бейнелер жарияланды
Бейнеден кадр
Жолаушылардың дұғалары: апатқа дейінгі соңғы бейнежазбалар

Актау маңында апатқа ұшыраған азербайжандық Embraer әуе кемесінің ішінен түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде таралуда, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«112» Telegram арнасының мәліметінше, бұл кадрларды жолаушылардың бірі апат алдында жұбайына жіберген. Видео жазбасында жолаушылардың дұға жасап жатқан дауыстары естіледі, ал кадрдан түсіп қалған кислород маскаларын байқауға болады.

Алдын ала болжам бойынша, ұшақ ішінде оттегі баллоны жарылған болуы мүмкін.

Ресейлік БАҚ апаттан кейін түсірілген шокирлік видеоларды да жариялады. Онда жарақат алған адамдардың көмек сұрап, ауырсынған дауыстарын естуге болады.

Әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдемелер күтілуде.

БЕЙНЕ

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу