«Ақботаға Димаштың өзі ғашық еді»: Дәурен Айдарқұлов бұрынғы әйелдері туралы айтты

25.11.2025 12:36 Мөлдір Талғат
«Ақботаға Димаштың өзі ғашық еді»: Дәурен Айдарқұлов бұрынғы әйелдері туралы айтты
0
337
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Дәурен мен Ақбота

Актер Дәурен Айдарқұлов Аман Тасыған жүргізетін бағдарламада жеке өміріне қатысты бірнеше сауалға ашық жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz Skifnews.kz сайтына сілтеп.

Актердің айтуынша, әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбеттен туған балалар қазір оның ата-анасының қолында тәрбиеленіп жатыр.

"Басында Ақботадан туған екі баламыз анасымен бірге тұрды. Бірақ Ақбота жұмысымен көбіне сыртта жүреді, ал күтушімен бір үйде тұру бала үшін қиын. Ондай кезде туған-туыстың мейірімін сезіну оңай емес. Менің анам үш баламды да бағып-қаққан адам. Сол үшін Ақботамен сөйлесіп, ортақ шешімге келдік. Балалар ата-әжесінің, қарындасымның жанында тұрсын дедік. Ақботаның үйі бізге жақын, сол себептен жиі барып тұрады. Бұл жағынан еш қиындық жоқ", – деді актер.

Сұхбат жарияланғаннан кейін желі қолданушылары әртүрлі пікір білдіріп, Айдарқұловты сынға алғандар да болды.

Пікір қалдырғандар: "Ақботаны қор қылды ғой. Димаштың өзі ғашық еді оған", "Балаларды үлкен адамдарға бақтырып қойғаны дұрыс емес, "Бар ауыртпалық ата-әжесіне түсіп отыр", "Балаларды тірі жетім етіп қойған", – деген мазмұнда жазбалар қалдырған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий