Ақмола облысында халық ақшасына орнатылған су қондырғысы екі айдан соң істен шыққан

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ОРНАТЫЛҒАН СУ ҚОНДЫРҒЫСЫ ЕКІ АЙДА ІСТЕН ШЫҚТЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛЫ.
Белгілі заңгер Болат Бащжанов Ақмола облысы, Біржан сал ауданындағы Жаңалық ауылында таза су мәселесі шешілмей отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр ғана орнатылған су тазартатын қондырғы екі айдан кейін істен шыққан, бірақ құжат бойынша тұрғындар сапалы сумен қамтылған болып есептеледі.
Өңірлердегі мәселелерді көтеріп жүрген заңгер Болат Башажанов кезекті видеосын жариялады. Бұл жолы ол Ақмола облысы, Біржан сал ауданына қарасты Жаңалық ауылындағы тұрғындардың мұңын жеткізді. 2023 жылы ауылға таза ауыз су беру мақсатында орнатылған арнайы сүзгі небәрі екі ай жұмыс істеп, бұзылып қалған.
Заңгердің сөзінше, қазіргі таңда ауыл тұрғындары лас су ішуге мәжбүр. Дегенмен, ресми есептерде ауыл сапалы ауыз сумен толық қамтылған деп көрсетілген. Осылайша, халықтың ақшасына салынған қондырғының пайдасы болмай, босқа шығындалған.
Сонымен қатар заңгер ауылдағы ең үлкен мәселелердің бірі – жол екенін атап өтіп, Ақмола облысы әкімдігінен су қондырғысына қанша қаржы бөлінгенін және неге ол істемей тұрғанын айтуды сұрады.
Соңғы жаңалықтар





