Ақорда журналисті Нұрлан Қоянбаевқа қарсы ма? Әділ Балтабаевтың жазбасы желіні шулатты

Ақорда журналисті Нұрлан Қоянбаевқа қарсы ма? Әділ Балтабаевтың жазбасы желіні шулатты
01.10.2025 11:06
0
465
Сурет Әділ Балтабаевтың instagram парақшасынан

Журналист Әділ Балтабаев Нұрлан Қоянбаевты сынап, көпшіліктің ашуына қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойыннан кейін «PRESIDENT» арнайы жобасының жүргізушісі, журналист Әділ Балтабаевтың әлеуметтік желіде жазған пікірі үлкен дау тудырды. Оның танымал продюсер Нұрлан Қоянбаевқа қатысты сыны көпшіліктің наразылығын туғызды.

Дау неден басталды?

«Қайрат» 0:5 есебімен жеңілгеннен кейін Әділ Балтабаев Threads әлеуметтік желісінде жазба жариялады. Ол өз сөзінде блогер Артур Асқарұлын «Қайратқа» қолдау көрсеткені үшін мақтап, ал басқаларды Мбаппенің чемоданын талқылап кетті деп сынаған. Осы кезде ол Нұрлан Қоянбаевтың әзілдерін «орынсыз» деп атады.

«Біздің футболшылар кімге қарсы шығып жатқанын түсінеді, сондықтан оларға қатысты бұл әзілдер, соның ішінде Қоянбаевтың әзілі де орынсыз. Жігіттерге осы жерде қолдау керек... Сондықтан алматылық блогерлердің барлығы «Қайраттың» айналасына жиналып, өздерінің миллиондаған аудиториясын клубты қолдауға жіберуі керек», — деп жазды Балтабаев.

Балтабаевтың бұл жазбасынан кейін желі қолданушылары оны қатты сынға алды. Ең басты наразылық оның Нұрлан Қоянбаевты тек фамилиясымен атап, құрметсіздік танытуына қатысты болды.

««Мына жігіттің жазбаларын көргенде құсқым келеді 🤮🤣 Аузына келгенін оттайды, осылай қалай журналист болып жұмыс істейді екен?», «Несін ұсақтаймыз, Балтабаевты отмена жасайық?) Президенттің қасында жүріп, өзіне қатты сеніп кеткен сияқты. Нұрлан Қоянбаев патриот ретінде Сізден әлдеқайда көп нәрсе жасады! Ол мұны Сіз де, мен де, сіздің көптеген блогер достарыңыз да тәй-тәй басып жүргенде жасаған!», «Балтабаев Президенттің жанында жүріп құтырып кетіпсіз ғой) Коянбаев емес,хотя бы Нурлан Коянбаев деп жазбайсыз ба🤦🏻‍♂️ Патриот болсаңыз қазақша жазып жібермедіңіз ба?)», «Нұрлан Қоянбаевқа қатысты айтылған оғаш пікір, орынсыз «шүйлігу». Ол кісі, керісінше, өзінің тапқырлығымен клубымызға қолдау көрсетуге назар аудартып жүр»», — деп жазды желі қолданушылары жазбаның астына.

Бұл туралы продюсер, бұрынғы жайдарманшы Мәлік Хасенов те өз пікірін білдірді:

«Нұрлан Қоянбаевпен 15 жыл бойы бірге ойнасам да, оны ешқашан фамилиясымен атаған емеспін, өйткені мен одан 6 жас кішімін. Бірақ бірінші тұлғалардың қасында айфонмен жүргенде, қазақи құрметтің барлық баптаулары ұшып кететін сияқты. Айтпақшы, мен Нұрлан Қоянбаевтан артық Қазақстанның патриотын білмеймін».

Көптеген қолданушылар Балтабаевтың Президенттің қасында жүріп, өзін тым жоғары санай бастағанын жазды. Ал кейбіреулер Қоянбаевтың әзілдері, керісінше, клубқа назар аудартып, қолдауды күшейту үшін жасалғанын, ал Балтабаев мұны түсінбегенін айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий