Ақордадағы қайта тағайындаулар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ақордада бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар жаңа мерзімге қайта тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы маңызды ведомстволар мен сот жүйесінің басшыларын өз орындарында қалдырды.
Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына қайта бекітілді. Ол бұл жауапты қызметті 2022 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді.
Артур Ермекұлы Ластаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды. Ол бұл орынға 2022 жылғы 29 желтоқсанда сайланған болатын.
Дмитрий Михайлович Малахов Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы қызметіне келді. Ол бұл лауазымды 2024 жылдың 19 қыркүйегінен бастап атқарып келеді.
Тимур Сүлейменов Ұлттық Банктің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін Президент жарлығымен Берік Асылов Бас прокурор қызметіне қайта тағайындалды. Ал Асламбек Мерғалиев Жоғарғы соттың төрағасы ретінде жұмысын жалғастыратын болды.
Соңғы жаңалықтар