АҚШ Украинадан Қазақстан мұнайына қауіп төндірген шабуылдарды тоқтатуды талап етті
АҚШ әкімшілігі Қара теңіздегі Новороссийск маңында орналасқан Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіз терминалына жақын аймақтағы шабуылдарды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Politico.kz агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтемемен.
Басылымның мәліметінше, Вашингтон бұл үндеуді Украина тарапына 21 шілдеде жеткізген. Ақ үй өкілінің айтуынша, алаңдаушылық Қара теңіздегі азаматтық кемелерге жасалған шабуылдарға байланысты туындаған.
КҚК арқылы негізінен Қазақстанда өндірілген мұнай, сондай-ақ аз көлемде Ресей мұнайы экспортталады. Құбыр консорциумы әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен 2 пайызын қамтамасыз етеді. Оның акционерлері қатарында америкалық Chevron және ExxonMobil компаниялары да бар.
19 шілдеде КҚК теңіз терминалында мұнай тиеу кезінде екі танкерге дрондар шабуыл жасаған. Олардың бірі — ASIA танкері, оған «Теңізшевройл» өндірген мұнай тиеліп жатқан. Ал NISSOS IOS танкеріне Kashagan B.V. және «Матен Петролеум» компанияларының мұнайы тиелген. Осылайша, екі кеме де Қазақстанда өндірілген мұнайды тасымалдауға қатысқан.
Әзірге Украина бұл шабуылдарға қатысы барын ресми түрде мәлімдеген жоқ. Қазақстан да оқиғаға кімнің жауапты екеніне қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ.
Соңғы жаңалықтар