Трамп Қазақстанға неге ауыр сауда шарттарын қойды?

Трамп Қазақстанға неге ауыр сауда шарттарын қойды?
07.04.2025 13:54
0
282
news-front.info
Трамптың жаңа сауда саясаты Қазақстанға қалай әсер етеді?

АҚШ президенті Дональд Трамп әлемнің 180 елінен келетін тауарларға жаңа кедендік баж салығын енгізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Злобная татешка арнасына сілтеме жасап.

АҚШ үкіметі енгізген бұл баж салықтары әр мемлекет үшін әртүрлі: Қытай үшін – 34%, Үндістан үшін – 26%, Бразилия және Орталық Азия елдері үшін – 10%. Ал Қазақстаннан келетін тауарларға салынған баж салығы 27%-ды құрады.

Экономистердің айтуынша, АҚШ-тың жаңа тарифтік саясаты Қазақстанмен сауда жасауды айтарлықтай тиімсіз етеді. Дегенмен, Қазақстанның Америкаға экспорттайтын тауар көлемі аса үлкен емес, сол себепті бұл өзгерістер ел экономикасына тікелей қатты әсер етпеуі мүмкін. Бірақ, егер осындай тарифтерді Еуропалық Одақ немесе Қытай енгізсе, Қазақстан экономикасы қиын жағдайға тап болар еді.

Экономист Василий Колташовтың пікірінше, Трамп тарифтерді экономикалық қуатты мемлекеттерге және болашақта әлеуеті жоғары елдерге қарсы қолдануда.

«Трамп Үндістанға 26%, ал Қазақстанға одан бір пайызға жоғары – 27% тариф қойды. Вьетнамға салынған баж салығы 46%-ды құрады, себебі бұл ел АҚШ нарығында Қытай тауарларын қайта экспорттаушы ретінде танылған», – дейді Колташов.

Қытай бұл шараға жауап ретінде америкалық тауарларға қарсы 34%-дық тариф енгізді. Соның салдарынан әлемдік нарықтағы ахуал ушығып, АҚШ қор биржасы 3 триллион доллар капитализациясын жоғалтқан. Алтын бағасы бір унциясына 3200 доллардан асып, мұнай баррелінің құны 66 долларға төмендеді.

Экономистердің пікірінше, АҚШ-тың тариф саясаты әлемдік экономиканы жаңа дағдарысқа итермелеуі мүмкін. Қазақстан үшін қауіптісі – АҚШ енгізген тікелей тариф емес, жаһандық нарықтағы тұрақсыздық салдарынан туындайтын жанама әсерлер болуы мүмкін.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий