Ақтауда түзету орталығында терезеден құлаған 8 жастағы бала көз жұмды
Ақтаудағы түзету орталықтарының бірінде болған қайғылы оқиға қоғамның қызу талқысына түсті. Туыстарының айтуынша, үш бала ересектердің қарауынсыз қалған кезде оқыс жағдай орын алған, деп хабарлайды Politico.kz.
Сол сәтте балалардың бірі терезені ашып, сыртқа ұшып кеткен шарды алмақ болған. Оған көмектеспек болған 8 жастағы Нұрали абайсызда үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.
Ауыр жарақат алған бала дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірі үшін екі ай бойы күрескенімен, өкінішке қарай, Нұрали қайтыс болды. Белгілі болғандай, оның ІІІ топтағы мүгедектігі болған.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның жақындары терезелердің неге арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықталмағанын анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп отыр.
Қазір қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы тергеліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
22.10.2026
11:25
Жұмыс іздеп, соғысқа тап бола жаздаған жігіттер...
22.10.2026
11:19
"Біреуі жасөспірім": Балқашта үш ер адам бір кі...
22.10.2026
10:50
«Ақтауда күйеуі әйелінің тісін сындырып, шашын ...
22.10.2026
10:11
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесімен түск...
22.10.2026
10:08
Қазақстанға кіру үшін енгізілетін жаңа рұқсат ...
22.10.2026
09:51
Трамп Украинадағы соғыстың аяқталуы жақындағаны...