Ақтөбеде мейрамхана студент қыздың жалақысын бермегені үшін дауға қалды

Ақтөбедегі "Bravo" мейрамханасындағы жалақы дауы қоғамның ашуын туғызды
Ақтөбе қаласындағы "Bravo" мейрамханасында жұмыс істеген студент қыздың жалақысын ала алмай жүргені туралы видео мен жазбалар әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Мәселенің мән-жайы TikTok желісінде жарияланған жазба арқылы белгілі болды. Онда бойжеткен мейрамханаға хостес болып орналасқанын, үш күн бойы ақысыз тағылымдамадан(стажировка) өтіп, кейін ресми түрде төрт күн жұмыс істегенін айтады. Жеті күндік еңбегі үшін оған 30 000 теңге төленетіні уәде етілген.
Алайда жұмыс аяқталғанына екі апта өтсе де, жалақысы төленбеген. Қыз ақша сұрап хабарласқан кезде, мейрамхана әкімшілігі төлем мерзімін шегеріп, дөрекі жауап берген. Бұл жағдай туралы жазбалар мен аудиожазбалар дәлел ретінде желіде жарияланды.
Желі қолданушылары бойжеткеннің әрекетін қолдап, әділдік талап етті. Көпшілік мейрамхананы бойкоттауға шақырып, 2ГИС қосымшасында теріс пікірлер қалдырды.
Қазіргі уақытта "Bravo" мейрамханасының басшылығы бұл жағдайға байланысты ресми пікір білдірген жоқ. Әлеуметтік желіде тақырып қызу талқыланып жатыр.
@oryngul16 🧨 Если вы хоть раз были в ресторане @cafe__bravo__ BRAVO летник — прочитайте это. Это не гнев, это боль за человека, который честно проработал 7 дней, а остался ни с чем. В Актобе не так много студентов, готовых работать, улыбаться, встречать гостей, быть хостес на ногах с утра до ночи. Моя племяница устроилась туда — стажировалась 3 дня бесплатно, отработала ещё 4 дня официально. Обещали заплатить 30 000 тенге. Прошло две недели. Деньги не заплатили. Каждый раз, когда она просит положенное — Снежанна Маратовна материт её, переносит сроки, кормит “завтраками”, хамит. 30 000 — это не миллионы. Это, может быть, обеды, проезд, тетради, еда. Это пот, время и нервы. А им, похоже, плевать. 🔴 Поэтому я обращаюсь ко всем: Если вы за честность — Если вы против того, чтобы людей обманывали и использовали — НЕ ХОДИТЕ В @cafe__bravo__ BRAVO летник. Не поддерживайте заведение, которое наживается на чужом труде и не уважает своих сотрудников. Возможно, им кажется, что 30 000 — ничто. Но для тех, кто работает ради хлеба, — это всё. И да — мы не замолчим. Буду благодарна за репост и напишите в Тугис коментарии #актобе #браво #студент #неоплатили #студент ♬ оригинальный звук - Psyholog_aktobe_
Соңғы жаңалықтар





