"Ақымақ, мисыз": қазақстандық мұғалімнің оқушыларға балағат сөз айтқан видеосы тарады

09.04.2025 12:07
0
231
stan.kz

Алматы облысы, Шонжы ауылындағы мектептердің бірінде түсірілген мұғалім мен оқушылар арасындағы дау әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қоғамда қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Видеодан ұстаздың оқушыларға дөрекі сөз айтып, тіпті бір оқушыны итеріп, оны ұялы телефонға түсіріп жатқанын байқауға болады. Мұғалімнің балаларды «ақымақ», «мисыз» деп балағаттауы ата-аналардың наразылығын тудырып, олар бұл жағдайдың салдары одан да күрделі мәселелерге ұласуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Ата-аналар тарапынан облыстық білім басқармасына нақты шара қабылдап, жан-жақты тексеру жүргізу туралы талап қойылды.

Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың осындай сипат алуы білім беру жүйесіндегі тәрбие мен этика мәселесіне қатысты күрделі сұрақтар тудырды. №1 Шонжы мектеп-лицейінің әкімшілігі мен Алматы облыстық Білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша бөлімі аталмыш оқиғаға ресми түсініктеме беруге шақырылды. Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды: бірі ұстаздың әрекетін айыптап, педагогикалық әдепті сақтаудың маңызын алға тартса, енді бірі қазіргі оқушылардың тәртібі нашарлағанын айтып, мұғалімдердің жұмысын түсінуге шақырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий