“Арақ ішкен.Қолы сынған”: Мұқасан ісі туралы бар шындық белгілі болды

04.12.2025 09:13 Мөлдір Талғат
“Арақ ішкен.Қолы сынған”: Мұқасан ісі туралы бар шындық белгілі болды
0
235
Фот

Белгілі блогер әрі қоғам белсендісі Жан Ахмадиев көп талқыланған Мұқасан Шахзадаевқа қатысты оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол бұл туралы Qazaq Airan YouTube арнасына берген сұхбатында бөлісіп, оқиғаның басталуынан бастап қазіргі жағдайға дейінгі деректерді жеткізді.

Жан Ахмадиевтің айтуынша, сол күні оған Нұрлан есімді ағасы хабарласқан.

«Маған сол күні Нұрлан аға хабарласты. “Жан, Мұқасан ағаң Ғалымжанды тепкілеп тастады. Барсаң, өзі айтып береді” деді» деп еске алды ол.

Ахмадиев бірден ауруханада жатқан Ғалымжанның қасына барған.

«Ғалымжан No12 ауруханада жүр екен. Оның айтуы бойынша әңгіменің бәрі әннен басталған. “Қос қарлығаш” деген ән бар ғой. Қазір “Нұр-Мұқасан” болып, Нұрлан аға мен Ғалымжан шығып жүр. “Сендер неге менің рұқсатымсыз орындайсыңдар! Анау-мынау…” деп, әңгіме айтқан» дейді ол.

Ғалымжанның айтуынша, сол сәтте Мұқасанның қасында екі жігіт отырған.

«Айта кету керек. Мұқасан мырза қасында екі жігіт бар. Ғалымжан оларды “күшіктер” деді ғой. Ішімдік, арақ ішіп отырған көрінеді. Содан әңгіме айта бастаған» деп түсіндірді Жан Ахмадиев.

Сондай-ақ Ғалымжан топқа қайта қосылуға қарсы болмағанын айтқан.

«Ғалымжан бұрыннан осы “Нұр-Мұқасан” тобында администратор болған екен. Содан, “қаласаңыздар, қосылғандарыңыз маған да жақсы” деп айттым дейді. Бұл — Ғалымжанның айтқандары» деді блогер.

Бірақ жағдай кенеттен ушыққан.

«“Мұқасан аға кішкене қуа бастады” деді. “Мұқасан аға, әңгімеміз жараспай бара жатыр. Мен қайтайын” деп, далаға шығып бара жатқанда жабылып ұрған. “Есімнен танып қалыппын” дейді. Басына секірген. Қолын сындырған» деп жеткізді Ахмадиев.

Қазір Ғалымжан ауруханада жатыр және оған ота жасалған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий