Артықовтың орнына «Батыс» әскерлеріне жаңа басшы келді

15.04.2026 10:17 Арман Ермеков
Артықовтың орнына «Батыс» әскерлеріне жаңа басшы келді
308
Фото: Қорғаныс министрлігі

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Кәрібаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін бұл орында отырған Бауыржан Артықов 30 наурызда президенттің бұйрығымен қызметінен кеткен болатын. Енді оны 1978 жылы 13 қыркүйекте Қызылорда қаласында туған Нұрлан Серікбайұлы алмастырды.

Ол Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери академиясын мотоатқыштар әскерінің тактикасы бойынша бітіріп, кейін Ұлттық қорғаныс университетінде және Ресейдің Бас штаб академиясында басқару бағытында білімін жетілдірген.

Жаңа қолбасшы еңбек жолын қатардағы взвод командирінен бастап, түрлі гарнизондарда әскери бөлімдерге жетекшілік еткен. Бұл тағайындауға дейін ол «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында штаб бастығы әрі қолбасшының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Отан алдындағы еңбегі ескеріліп, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін және 2-дәрежелі «Айбын» орденін алған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий