Асхат Аймағамбетов сүйінші жаңалықты жариялады
1440
Депутат Facebook-тегі парақшасында бюджет жобасында онкологияны емдеуге бөлінетін қаржыны 20 миллиард теңгеге, ал онкогематологияға 5 миллиард теңгеге қысқарту туралы ұсыныс болғанын айтты.
Алайда, депутаттар бұл қысқартуға қатаң түрде қарсылық білдіріп, қосымша қаражат бөлу туралы түзету енгізген.
"Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жемісті жұмысымыздың арқасында онкологиялық науқастарды емдеуді қаржыландыру үшін қосымша 25 миллиард теңге бөлу туралы түзетуіміз қолдау тапты. Бұл – өте қуанышты және маңызды жаңалық", - деп айтты Аймағамбетов.
Оның сөзінше, соңғы жылдары онкологияға қарсы күресте Президенттің қолдауының арқасында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Кешенді жоспар бекітіліп, мамандандырылған орталықтың құрылысы аяқталуға жақын.
Сонымен қатар Ұлттық онкология орталығындағы протондық терапия орталығының құрылысын аяқтауға 4,2 миллиард теңге бөлу туралы ұсынысымыз да қабылданды.
"Қазіргі уақытта Орталық Азияда протондық терапия орталығы жоқ, сондықтан біздің пациенттер қымбат ем алу үшін шетелге баруға мәжбүр", - деп жазды мәжілісмен.
Айтуынша, Қазақстанда бұл орталық жыл сайын 300-ден астам науқасқа өмір сүруге мүмкіндік беріп, шетелде емделуге қажетті үлкен шығындардан босатады.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
23:11
Өскемендегі дәмханалардың бірінде полиция қызме...
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...