"Әскерде зорлық көрдім" деп өтірік айтқан астаналық жігіт үш жылға сотталды
Астанада әлеуметтік желі арқылы әскерде зорлық көргенін айтып, жұрттан ақша жинаған 23 жастағы жігіт үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол ақпан айында анонимді түрде жазба жариялап, шетелге қашу үшін қаржылай көмек сұраған және банк реквизиттерін қалдырған. Желі қолданушыларының бірі берген шағымнан кейін тексеру жүргізіліп, ақпараттың жалған екені әрі ол азаматтың мүлде әскерде болмағаны анықталды. Жігіт қаржы жинау үшін бұл туралы хабары болмаған 17 жастағы танысының банктік шотын пайдаланған.
Осылайша екі күннің ішінде 15-тен астам ақша аударымы түскен. Тергеу барысында күдікті ақша табу мақсатында өтірік айтқанын толық мойындады. Сот оны алаяқтық пен көрінеу жалған ақпарат тарату айыптары бойынша кінәлі деп таныды. Полиция өкілдері азаматтарды тексерілмеген деректерге сенбеуге және бейтаныс тұлғаларға қаржы аудармауға шақырады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.10.2026
23:43
Астанада Tesla автокөлігімен соқтығысқан жүк кө...
19.10.2026
22:39
Абай облысындағы арнаулы орталықта ерекше балал...
19.10.2026
21:50
Қазақстан Pinduoduo мен Claude әзірлеушісінен 8...
19.10.2026
20:02
Оңтүстік Кореяда көлікке зақым келтіріп, жүргіз...
19.10.2026
17:42
Тоқаев Қорғаныс министрлігінің шығыны мен әскер...
19.10.2026
17:23
Ерекше балаларды қорлап, зорлық көрсеткен: Абай...