Астанада алты баланың әкесі көшедегі қыздың жамбасын ұстап өтті
1138
Астанада фитнес-жаттықтырушыға тиіскен алты баланың әкесі ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.
Елордада Арина есімді жаттықтырушы көшеде жұмыс істеп жатқанда, жасы үлкен ер адамның тиіскенін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Видео қоғамдық резонанс тудырып, Астана полициясының назарына ілікті.
Бейнежазбада жаттықтырушы қыздың хоккей мектебінің терезесін жуып жатқаны, сол сәтте белгісіз ер адамның оның жамбасынан ұстап өткені көрінеді. Қыз қатты шошып, не айтарын білмей абдырап қалған. Кейін Арина полицияға арыз жазған. Астана қаласының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты жедел әрекет етіп, күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 58 жастағы алты баланың әкесі болып шықты. Қазіргі уақытта «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...