Астанада аттракцион кабинасы үзіліп, екі кішкентай қызды езіп кете жаздады

27.04.2026 10:31 Мөлдір Қайнар
Астанада аттракцион кабинасы үзіліп, екі кішкентай қызды езіп кете жаздады
143
Фото: коллаж politico.kz

Астананың орталық саябағында аттракцион кабинасы үзіліп, ішіндегі екі қыз жерге құлады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы олардың ата-анасы Therds желісінде aiitosha11 есімді қолданушы жазды.

Оқиға 25 сәуірде сағат 17:10 шамасында болған. Отбасы Орталық саябаққа келіп, балаларын аттракционға отырғызған.

"Екі-үш айналымнан соң, қыздарым отырған кабинка үзіліп кетті де, балаларым астында қалып, езіліп кете жаздады", – деді анасы.

Оқиғадан кейін астана тұрғыны қала билігіне барлық аттракционның техникалық жағдайын тексеруді талап етіп жүгінді.

Қазіргі уақытта «Нұра» аудандық полиция басқармасымен қалалық саябақтардың біріндегі аттракционда болған оқиға бойынша тексеріс жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде аттракцион операторы келушілері бар отырғызу кабинасының құлағаны туралы хабарлаған. Кабина аспалы темірдің бекіткішінен ажырап кеткен. Тексеру қорытындысы бойынша материалдар тиісті уәкілетті органдарға шара қабылдау және аттракциондардың қауіпсіздігін тексеру үшін жолданады, - делінген ресми жауапта.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий