Астанада декреттегі әйел жалдамалы пәтерден ірі есірткі қоймасын жасап алған

25.08.2026 20:36 Қанат Айбар
Астанада декреттегі әйел жалдамалы пәтерден ірі есірткі қоймасын жасап алған
254
Фото: ЖИ

Астанада декреттік демалыста жүрген 35 жастағы әйел мен оның 27 жастағы танысы жалға алған пәтерді есірткі қоймасына айналдырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілерді курьерлерге таратуға дайындалған орамдарды пәтерден алып шығып бара жатқан сәтінде құрықтаған. Тексеру кезінде әйелдердің бірінің сөмкесінен марихуана, гашиш майы және каннабис шайырына ұқсас заттар құйылған пластик пробиркалар мен полиэтилен пакеттер табылды.

Кейіннен жалдамалы баспанада жүргізілген тінту жұмыстары кезінде полиция қызметкерлері салмағы екі келі болатын осындай есірткі заттарын анықтап, тәркіледі.

Қазіргі уақытта күдікті екі әйел де ұсталып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары қылмыстық схемаға қатысы бар басқа да адамдарды анықтауға кірісті, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымы ауыр қылмыс болып саналатынын және мұндай әрекеттер қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий