Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен бес адамның жағдайы ауыр
1055
Астанада жеңіл автокөліктің өртенуі салдарынан зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында бір бала бар.
Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төрт ересек адам №1 көпсалалы қалалық ауруханаға, ал бала №2 көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылған.
Дәрігерлердің айтуынша, барлық зардап шеккендердің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Қазіргі уақытта оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиға Қасым Аманжолов көшесінде болған. Жол бойында тұрған жеңіл автокөлік өртеніп, оқиға орнына өрт сөндірушілер мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жедел жеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, құтқарушылар келгенге дейін көлікте газ-ауа қоспасының жарылысы болып, артынша өрт шыққан. Жалын маңайда тұрған бірнеше көлікке де зақым келтірген.
Оқиғаның нақты себептерін мамандар анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
23:17
Алматыда оқушылар жаппай уланып қалды: Аурухана...
14.10.2026
22:30
Қарағандыда мас күйде жолаушы тасымалдаған авто...
14.10.2026
21:54
Досаевтың шаңырағында жаңа бизнес
14.10.2026
21:29
Дастан Сатпаевтың матчқа қатыспау себебі белгіл...
14.10.2026
20:08
Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткі контраб...
14.10.2026
19:17
«Льдинка» кафесіндегі төбелес: Алматыда танымал...