Астанада мас ер адам жедел жәрдем қызметкерін ұрып жіберді

Астанада мас ер адам жедел жәрдем қызметкерін ұрып жіберді
Видеодан кадр
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Астанада жедел жәрдем қызметкеріне күш қолданған ер адам ұсталды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Мәліметке сәйкес, оқиға қаладағы сауда орталықтарының бірінде болған. Шақырту бойынша келген жедел жәрдем бригадасы сол жерде мас күйде болған екі ер адамға көмек көрсету үшін барған. Олардың бірі өзін жайсыз сезінгенін айтып, дәрігерлерді шақыртқан.

Медицина қызметкерлері алғашқы көмекті көрсетіп, кетуге дайындалған сәтте ер адамдардың бірі агрессивті мінез танытып, фельдшерді ұрып жіберген.Оқиғаны көрген куәгерлер бірден полиция шақырған. Құқық қорғау органдары күдіктіні оқиға орнында ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Қазіргі уақытта медицина қызметкеріне қатысты күш қолдану дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу