Астанада мас күйінде көлік жүргізген полиция қызметкеріне сот үкімі шықты

Астанада мас күйінде көлік жүргізген полиция қызметкеріне сот үкімі шықты
Фото: Lada.kz

Астана қаласында қызметтегі полицей ішімдік әсерінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Соттың анықтауынша, Д. есімді қызметкер көлікті мас күйінде басқарған. Бұл факт медициналық тексеру қорытындысы мен сот отырысында қаралған бейнежазбалармен расталған.

Сот шешімі бойынша полицейдің жүргізуші куәлігін жеті жылға айыру туралы шешім қабылданды. Аталған тұлға полиция қызметкері болғандықтан, оған әкімшілік қамау қолданылмаған. Сот шешімінің көшірмесі тәртіптік жауапкершілік мәселесін қарастыру үшін полиция департаментіне жолданған.

Полицей шешімге апелляциялық шағым түсіргенімен, оны жоғалтты. Қазіргі таңда сот шешімі заңды күшіне енді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу