Астанада такси жүргізушісі әдепсіз әрекеті үшін 15 тәулікке қамауға алынды

Астанада такси жүргізушісі жолаушы әйелдердің көзінше әдепсіз әрекеттер жасап, кейін соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды. Оқиғаға куә болған жолаушы бойжеткен жүргізушінің қылығын жасырын түрде видеоға түсіріп алған.
Оқиға былай болған: елорда тұрғыны анасымен бірге таксиге отырып, қала ішіндегі «Мега» сауда орталығына бара жатады. Жол бойында 19 жастағы бойжеткен жүргізушінің артқы айнадан өзіне жиі қарап, әдепсіз қылықтар жасағанын байқайды. Анасы бұл жағдайды аңғармаған, ал қыз үрейленгенімен, өзін сабырлы ұстап, барлық жағдайды жасырын түрде ұялы телефонына жазып алады.
Жолдағы жағдайдан соң, қыз бірден полицияға арыз жазған. Тексеру барысында такси жүргізушісінің жедел жәрдемде қызмет істейтіні, отбасылы және бала-шағасы бар екені анықталған.
29 шілдеде сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Кінәсін мойындаған ол, жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады.
Соңғы жаңалықтар





