Астанадағы ауруханада жүкті әйел дер кезінде көмек ала алмай, сәбиінен айырылды

Астанадағы ауруханада жүкті әйел дер кезінде көмек ала алмай, сәбиінен айырылды
28.07.2025 12:23
0
291
Сурет: Ашық Дереккөз
Астанадағы №2 көпсалалы ауруханада жүкті әйелге 1 сағат 45 минут көмек көрсетілмеген

Астанадағы облыстық №2 көпсалалы ауруханада жүкті әйел уақытында көмек ала алмай, сәбиінен айырылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оқиға Манас көшесіндегі 22-үйде орналасқан медициналық мекемеде болған. Сол күні палатада жатқан науқас әйелдердің бірі куәгер ретінде оқиғаны баяндап берді. Оның айтуынша, жүктілігі ауыр жағдайда жүрген әйел қатты қансырап, жан дауысы шығып көмек сұраған. Алайда, дәрігерлер тек 1 сағат 45 минуттан кейін ғана келген.

Куәгердің сөзіне сенсек, науқас екі күн бұрын түсік тастау қаупімен ауруханаға түскен. Осы уақыт ішінде жағдайы бірқалыпты болған.

«Біз сөйлесіп, бір-бірімізді жұбатып отырғанбыз. Бүгін кенеттен жағдайы күрт нашарлап кетті. Қатты қан кетті. Мен көмек сұрап медбикені шақырдым. Бірақ ол дәрігердің бұйрығынсыз ештеңе істей алмаймын деп жауап берді», – дейді ол.

Куәгер әйелдің айтуынша, ауыр халдегі науқасқа ешкім нақты көмек көрсетпеген.

«Бәрі қарап отыр. Кімге хабарласпадым бір-біріне сілтейді. Ауруханада науқастар бақылауда болады деп ойлайтынмын. Бірақ бұл жерде біз өлімді күтіп жатқандаймыз», – деп ренішін жеткізді.

Қазір бұл оқиғаға қатысты комиссия құрылып, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий