«Ата-анам қолдайды»: Алау Нұртас хейтерлерге жауап берді
Әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау Нұртас әлеуметтік желіде ата-анасымен бірге түскен видеосын жариялап, өзін сынаған хейтерлерге жауап қатты, деп хабарлайды Politico.kz
Соңғы кезде Алаудың сахнадағы биі мен образы желіде қызу талқыға түскен еді. «Ұят қайда?», «Ата-анаң қайда қарап отыр?» деген пікірлер көбейген соң, ол бұл сындарға ашық жауап беруді жөн көрген. Жарияланған видеода Алау әкесі Қайрат Нұртас пен анасы Жұлдыз Әбдікәрімовамен бірге көрініп, сын айтқандарға қысқа ғана: «Олар қолдайды» деп жауап берген.
Бұл жазба желі қолданушылары арасында екіұдай пікір тудырды. Бірі Қайрат пен Жұлдызды заманауи, баласының таңдауына түсіністікпен қарайтын ата-ана деп бағаласа, енді біреулер тәрбие мен шектеу бәрібір қажет екенін алға тартты.
Сын пікірлердің арасында:
«Соңғы биі енді шектен шықты, содан халық шулап жатыр», «Биші, әдемі деген сайын артық қимыл көбейіп барады», «Он жерден заманауи ата-ана болса да, тәртіп болуы керек», «Өз қыздарыма ондай киім кигізбес едім» деген жазбалар да бар.
Ал қолдаушылар болса, Алаудың өнер жолын таңдауына ата-анасының қолдау білдіруін дұрыс деп санайды. Олардың айтуынша, әр ата-ана баласының болашағын өзі шешуге мүмкіндік беруі керек. Қалай болғанда да, Алау Нұртас бұл видеосы арқылы ата-анасының өз қасында екенін ашық көрсетіп, қоғамдағы «тәрбие», «еркіндік» және «заманауи көзқарас» тақырыбын тағы да күн тәртібіне шығарды
Соңғы жаңалықтар