Атырау облысында депутат жұмысшыны соққыға жыққан

02.12.2025 • 10:08 Мөлдір ҚАЙНАР
Атырау облысында депутат жұмысшыны соққыға жыққан
844
Фото: Видеодан скриншот

Атырау облысында депутат жұмысшыны соққыға жыққан, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Атырау облысы Жылыой ауданының тұрғыны AMANAT партиясының жергілікті депутаты әрі қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Құлбаевқа ұқсайтын ер адамның жұмысшыға соққы жасағаны көрсетілген видео жариялады. 

Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын зерттеп, жанжалға қатысқандардың жеке басы анықталғанын хабарлады.

Полиция жұмысшыға шабуыл жасаған ер адамды “ұсақ бұзақылық” бабы бойынша жауапқа тартқан. Ал жәбірленуші арыз жазудан бас тартып, медициналық көмекке жүгінбепті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий