Атырау қаласында бір қолы мен бір аяғынан айырылған қария мемлекеттен тегін арба ала алмай жүр

Атырау қаласында бір қолы мен бір аяғынан айырылған қарт кісі көп жылдан бері мүгедектігіне байланысты электрлі арба ала алмай жүр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қасындағы танысының айтуынша, арба алу үшін қарияға өзінің мүгедектігін дәлелдейтін көптеген құжат жинап Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына апару керек. Олар айқын жағдайға қарамастан, осындай талап қою қарт адамды әуре-сарсаңға салып отырғанына наразы.
"Втэк мекемесінде сұмдық жағдай! Мүгедектігі бар азаматқа тиесілі электро арбаны 1,5 жылдан астам уақыт бойы бермей отыр. Адамның күнделікті жүріп-тұруына аса қажетті құралды созып, созып, әлі күнге дейін қолына тигізбегендері – нағыз әділетсіздік!", – дейді әйел.
Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғамның наразылығын тудырды.
Соңғы жаңалықтар





