Атыраулық блогер гүл сатып аламын деп 6 жылға сотталды

Атыраулық блогер гүл сатып аламын деп 6 жылға сотталды
10.06.2025 15:52
0
818
Коллаж: MADENIPORTAL.KZ

Атыраулық блогер мен гүл сататын дүкеннің иесінің арасында түсініксіз дау орын алды, деп хабарлады POLITICO.KZ MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Блогер Рано Нығметова алаяқтық жасады деп алты жылға соттталды. Алайда блогер өзіне жала жабылғанын айтып ақталды.

"Маған 6 жыл 6 ай жаза кесілді. Бірақ мен кінәлі емеспін. Менің атым — Рано Нығметова. Мен — кәсіпкермін, анамын.
Бүгінде мен — сотталған жанмын. Бірақ мен сынған жоқпын. Мені жасамаған қылмыс үшін айыптады.
Айыптау тек екінші рет сотталып жатқан — менің бұрынғы танысымның сөзіне ғана негізделді.
Тікелей ешқандай дәлел жоқ. Тек сөздер ғана. Мен туралы жалған айтты. Менің геолокациям, алибиім, айғақтарым, уәждің болмауы, қарапайым логика — бәрі еленбеді. Сот қорғау тарапының бір де бір уәжін қабылдамады. Мені кінәлі ету — біреулерге солай ыңғайлы болды. Қысым мен мүдделілік. Менің ісімде ерекше рөлді Атырау қаласының прокуроры — Айтимов Р. атқарды. Бастапқы сәттен-ақ оның бұл іске жеке қызығушылық танытқаны аңғарылды. Неге?
Мен бұл сұрақты көпшілік алдында қоюға және барлық дәлелді ұсынуға хақылымын. 12 ай тергеу изоляторында. Үнсіздік.
Әділетсіздік. Жалғыздық.

Менің сынуым мүмкін еді.
Бірақ мен өлуді ұмыттым.
Мен өмір сүруді және үн қатуды таңдадым. Мен сөйлеуге міндеттімін. Менің оқиғам — жалғыз емес. Мұндай жағдайлар жанымызда болып жатыр. Сот заңға емес, нұсқауға құлақ асқанда. Прокурорлар шындықты біле тұра айып таққанда.
Жүйе үнсіз қалмағандарды сындырып жатқанда", - дейді блогер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий