Ауғанстанда 140 жастағы ер адам табылды

Ауғанстанда 140 жастағы ер адам табылды
05.04.2025 13:13
0
46
Oxu.az

Ауғанстанның Хост провинциясында тұратын Ақель Назир есімді қарияның жасы шамамен 140 жаста деп болжануда, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы Tolo News ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Oxu.Az хабарлайды.

Қазіргі уақытта Назирдің отбасы оның жасын ресми құжаттармен растауға тырысып жатыр. Егер бұл мәлімет расталса, ол әлемдегі ең қарт адам болуы мүмкін.

Ақель Назир өзінің сөзінде Ауғанстан королі Аманулла Ханның (1919–1929) билік еткен уақытын және елдің Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған алғашқы күнін (1919 жылғы 19 тамыз) жақсы еске түсіретінін айтты. Оның айтуынша, сол кезде ол 30 жастан асқан екен.

Мен король Аманулла Ханмен бірге сарайда болдым. Барлығы қуанып, британдықтарды қуып шыққаны үшін корольге алғыс білдірді", – деді Назир.

Қарияның әулетінде 100-ден астам адам бар. Оның 50 жастағы немерелерінің өздері де немере сүйіп отыр.

Хост губернаторының баспасөз хатшысы Мустағфар Гурбаздың айтуынша, Назирдің жасы арнайы техникалық топ тарапынан тексеріледі. Егер мәлімет расталса, оған медициналық көмек көрсетіліп, аты әлемдік рекордтар кітабына енгізілуі үшін тиісті шаралар қабылданады.

Айта кетейік, ресми түрде адамзат тарихындағы ең қарт адам ретінде француз әйелі Жанна Кальман танылған. Ол 1997 жылы 122 жас 164 күн өмір сүріп дүниеден өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий