«Әйелдің қырық жаны бар»: ажырасқан Жанель Мақажан әсерлі жазба жариялады
Жақында ғана Абай Асылханмен ажырасқанын хабарлаған актриса Жанель Мақажан әйел затының нәзіктігі мен мықтылығы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Төрт бала тәрбиелеп отырған өнер иесі Instagram парақшасында әйел табиғатының күрделі әрі сан қырлы екенін, өмірдің түрлі сынағында қалай шыңдалатынын жазды.
«Әрбір әйелдің бойында нәзіктік пен батылдық, әлсіздік пен төзімділік қатар өріледі. Бірде нәзіктігімен баурап алса, бірде батылдығымен таңғалдырады. Бір сәтте ол қорғансыз болса, келесі сәтте күтпеген қайсарлық таныта алады. Өйткені әйел болмысы жалғыз мінезбен шектелмейді, әр жағдай оның жаңа қырын ашады», – деп жазды Жанель Мақажан.
Сонымен қатар актриса өзінің де түрлі бейнеде болатынын және өз бойындағы әлсіздік пен күшті толық қабылдаудың мәні зор екенін атап өтті.
«Бұл қасиеттер маған да тән. Кейде әкемнің ерке қызы болсам, енді бір сәтте төрт баласын өсіріп отырған қайсар анамын, ал кейде жылап алып, осалдығымды көрсетуге ерік беремін. Меніңше, әйелдің нағыз сұлулығы – барлық болмысын қабылдай алуында. Әйелдің қырық жаны бар деп осыны айтса керек», – деді өнер иесі.
Соңғы жаңалықтар