Әйелін өлтірген жиеніне кешірім берді: 15 жастағы жасөспірімге сот үкімі шықты
Әзербайжанның Джалилабад ауданында өз нағашы ағасының 25 жастағы әйелін аса қатыгездікпен өлтіріп, мәйітін қорлаған 15 жастағы жасөспірімге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.
Лянкяран ауыр қылмыстар сотының шешімімен, айыпталушы А.А. 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жаза тағайындау кезінде елдегі кәмелетке толмағандарға 10 жылдан артық жаза тағайындауға шектеу қоятын заң нормасы ескерілген. Ол жазасын жалпы режимдегі тәрбие колониясында өтейтін болды.
Айыптау актісіне сәйкес, Ресейден оралған жасөспірім туысының үйінде тұрып жатқан. Уақыт өте келе оның нағашысының әйеліне деген нәпсіқұмарлық сезімі оянып, көздеген арам ойын тек оны өлтіргеннен кейін ғана жүзеге асыра аламын деп есептеген. Қаскөй келіншекке бірнеше жерден пышақ сұғып өлтіріп, кейін оның мәйітіне зорлық-зомбылық жасаған.
Сот процесі кезінде марқұмның жұбайы – сотталушының нағашы ағасы жиеніне ешқандай өкпе-назы мен талабы жоқ екенін айтып, оған жеңіл жаза тағайындауды өтінді. Ал кешенді сот-психиатриялық сараптамасы жасөспірімнің қылмыс жасаған сәтте есі дұрыс болғанын және өз әрекеттеріне толық жауап бере алатынын растаған.
Айта кетейік, қайғылы жағдай биылғы маусым айында орын алған.
Соңғы жаңалықтар