Әйеліне күш көрсетті деген депутат туралы белсенді тың дерек айтты
Заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек шымкенттік кәсіпкер, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Әсет Қайыпбековке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Белсендінің айтуынша, әлеуметтік желіде тараған видеодағы ер адам бірнеше жыл бойы шариғат жолымен некелескен әйеліне тұрақты түрде күш көрсетіп келген.
Айгүл Орынбек депутаттың өз ықпалы мен беделіне сеніп, жауапкершіліктен жалтаруға тырысқанын алға тартты.
«Маған көмек сұрап тағы бір әйел хабарласты. Оның жылап отырып айтқан сөздері адамды ойландырады.“Ол ешкімнен қорықпайды. Байлығы мен байланысына сенеді. Тіпті сізге шығамын десем де, «Айгүл Орынбектің өзін...» деп айтты”, – дейді әйел.
Мен үнемі бір нәрсені айтып келемін: әйелге қол көтерген адамды ақтайтын ешқандай мәртебе жоқ. Ол кәсіпкер ме, депутат па, шенеунік пе – бәрібір. Заң бәріне ортақ болуы тиіс», – деді заңгер.
Қазіргі уақытта аталған жағдайға қатысты ресми органдар тарапынан қандай да бір мәлімдеме жасалғаны туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Соңғы жаңалықтар