Айгүл Иманбаеваға жоспарлы ота неліктен жасалмай қалды?
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның Алматыда жасалуы тиіс болған жоспарлы отасы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің айтуынша, бұған оның медициналық талдау қорытындыларының дұрыс болмауы себеп болған. Хирург пен анестезиолог мамандар пациенттің қауіпсіздігі үшін анализдерді қайта тапсыруға жолдама берген. Актриса дәрігерлердің бұл әрекетін үлкен жауапкершілік деп бағалап, олардың біліктілігіне ризашылығын жеткізді.
«Мен бүгін жоспарлы отаға жатуым керек еді. Жата алмай қалдым. Себебі, менің кейбір талдауларым дұрыс болмай, дәрігерлерім қайта тапсыруға жіберді. Анестезиологым да, хирургым да. Ол кісілердің жұмысы маған ұнады. Соншалықты нашар емес, нормада болғанның өзінде де, өздері де, мен де сенімді болуым үшін қайта тапсыртып жатыр. Жауапкершілік, денсаулық және өмір деп айтты. Содан кейін қайта тапсырдым… Жүрегім тарсылдап тұр. Бәрі жақсы болса, ота жасатамын», – деді Айгүл Иманбаева.
Отаның кейінге қалғанына қарамастан, актриса уақытын достарының ортасында өткізіп жатыр. Ол қазір Алматыдағы дәмханалардың бірінде жақын адамдарын күтіп отырғанын айтып, қалыптасқан жағдайға күле қарады.
Соңғы жаңалықтар