Айзат Жұманованың өлімі: сотта марқұмның анасы сұмдық деректер келтірді

05.12.2025 17:11 Мөлдір Талғат
Айзат Жұманованың өлімі: сотта марқұмның анасы сұмдық деректер келтірді
0
45
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Айзат Жұманова мен оның жолдасы

Алдықорғанда Айзат Жұманованың өліміне қатысты өтіп жатқан сотта бүгін марқұмның анасы Салтанат Жұманова куәлік беріп, қызының тұрмыста жүрген жылдары күйеуінің агрессиясы мен ашушаң мінезіне бірнеше рет шағымданғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның мәлімдеуінше, күдіктіге қарсы сөз айтуға көп адам қорыққан, ал ерлі-зайыптылардың телефондары өзара синхрондалған. Айзаттың бұрынғы телефоны даладағы әжетханаға түсіп кеткеннен кейін ғана ол жаңа телефон пайдаланған.

Анасы қызының тарапынан қызғаныш тудыратын еш себеп болмағанын, ол жақта байланыс мүлде ұстамайтынын жеткізді. Жұп некеге дейін бес жыл бірге болып, кейін үш жыл отбасылық өмір сүрген, ал Айзаттың күйеуінен көрген қысымы үйленбей тұрып басталған. Марқұмның өлімі түнгі үш шамасында болғанымен, бұл туралы Салтанат Жұмановаға күдіктінің анасы таңғы тоғыздарда ғана хабарлаған.

Ол қызының денесі тұтастай көгергенін, көптеген сызаттар болғанын, дәрігерлер қабылдағанда шашы су күйде болғанын айтты.

«Шашының арасынан лай мен шөп шықты, бірақ үстіндегі киімі тап-таза болды, бұл жағдай денесінің күйіне мүлде сай келмеді», – деп мәлімдеді ол.

Қоғам назарын аудартқан резонансты істің сот процесі әлі жалғасып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий