«Әжептеуір еркекті ез қылып жіберген әйелдер…»: Мөлдір Анарбаева қазақтың келіндері туралы айтты

04.12.2025 17:16 Мөлдір Талғат
«Әжептеуір еркекті ез қылып жіберген әйелдер…»: Мөлдір Анарбаева қазақтың келіндері туралы айтты
0
70
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Мөлдір Анарбаева

Белгілі блогер Мөлдір Анарбаева қазақтың «бәдік» келіндеріне үндеу тастап, халықтың қызу талқысына түсті. Ол шу шығаратын әйелдерді қатаң сынға алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Блогер ол туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Қазіргі қоғамда миға қонбайтын ақымақ түсінік қалыптасқан. “Біздің келін заңды біледі, мектепті тік тұрғызады, бетке айтады, бәрін орнына қояды” деп мақтанып отыратын үлкен кісілерді талай көрдім. Обал-ақ! Жұлқынған келінге де, санасы соған жеткен ата-енеге де обал!Әй сенің балаңды оқытып отырған мектепті тік тұрғызғанда, мемлекеттік қызметкерлерді болмашыға бола барып бетінен алғанда “Пәлеқор әйел” деген атақтан басқа қандай жетістікке жетесің?! Ұят, адамдық, ар, түсінік, сабыр, кішілік, иман,тектілік, тәрбие қайда қалды?!Барған жеріңнің шаңын шығардың, ал, содан?! “Бәдік” деген ат арқаладың, болды! Саған өзің сияқты санадағы адам ғана риза болады.Оданда “Пәленшенің келіні немесе анасы неткен жүзі жарқынеді?! Кішілік танытып тұрады, үлкеннің алдына келмейді”-деген сөз көрде жатсаң да мәңгі арқау емес пе?! Үйін сыйлап сыртты жайпаған адам екіжүзді.Адам ашуланатын әрекет болады, әрине! Бірақ болмайтын мәселеге білмейтін заңыңды тықпалап, қорқытып, қырып жою, өте ұят! Баланың барлық әркеті шешеден! Саналы болайықшы шешелер!!! Тәк! дегенді білейік. Әжептеуір еркекті ез қылып жіберген көкірек көзі ашылмаған әйелдер де бар… Адамда екі көз бар; біреуі баста, біреуі жүректе. Жүректің көзін ашайықшы!», — деп жазды ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий