«Әжесіне немере керек жоқ сияқты»: Қайрат Нұртас қызының мектеп бітіру кешіне барды

Хит әндердің орындаушысы, әнші Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың тұңғышы Сезім мектеп бітірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы Жұлдыздың өзі әлеуметтік желіде видео жариялады.
«Сен үшін де, мен үшін де маңызы зор ерекше күн. Жыл бойы екеуміз түрлі сынақтардан, эмоциялардан, қызық сәттерден өттік. Енді міне жемісін теретін кезеңге жеттің. Шүкір! Қадамың оң болғай! 11-сынып атанғаннан бастап менің толқуым бір сәтте сейілген емес. Иә, мойындаймын… ана болған соң уайым да болды, дегенмен қызым, саған деген сенім одан да жоғары болғанын да жасырмаймын. Өзіңмен бірге есейіп өстім, дамыдым!», – деп жазды актриса.
Осы орайда, желі қолданушылары мектеп бітіруші қыздың ата-әжесін сұрап, алаңдаушылық білдірді. Тіпті көбі Сезімнің әжесі Гүлзира Айдарбекова іздеген секілді.
«Ата-әжесі қайда екен, тұңғыш немерелерінің мектеп бітіру кешіне неге келмеген?», «Әжесіне немере керек жоқ сияқты», – деп көпшілік жаза жөнелді.
Соңғы жаңалықтар





